қамқоршылық кеңес » Үңгіртас орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үңгіртас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » қамқоршылық кеңес
02
июнь
2018

қамқоршылық кеңес


Бақытты болашақ» қамқоршылық кеңес отырысының

Хаттамасы № 5

Үңгіртас ауылы 24.05.2018 жыл

Тақырыбы:Қамқоршылық кеңесінің 2017-2018 оқу жылындағы 2017-2018 оқу жылындағы жұмысының қорытындысы

Күн тәртібінде: Қамқоршылық кеңесінің 2017-2018 оқу жылындағы жұмыс нәтижелері

Тыңдалды: Қамқоршылық кеңесінің төрайымы А.Мингироваға берілді:
-Бекітілген жоспарға сай барлық мектеп мұғалімдері оқу жылының басында оқушылардың мектепке дайындығын тексеріп,үй аралап,әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды анықтады. Мектеп формасы, оқулықтар мен оқу құралдарының бар-жоғын тексеріп,әкімшілікке берген мәлімет бойынша тізім жасалды.
«Мектепке жол» акциясы «Болашақты бірге жасайық » атты үндеумен өткізіліп,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-жылғы 28 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөнінде шаралар туралы» № 812 қаулысын орындау бұйрығына сәйкесоқушылардың сабаққа толық қатысуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның жалпы білім беру қорынан әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға мектеп формасы 35 оқушыға берілді. Пласт Инвест компаниясы «Мектепке жол» акциясы бойынша 10 балаға мектеп формасын және оқу құралдарын алып берді. Ауылымыздың белді азаматы А.Д.Қалыбаева Елубай Айымға мектеп форсымен және жеке кәсіпкер Ұ.Дүйсенова әлеуметтік жағдайы төмен 2 оқушыны күздік аяқ-киіммен қамтамасыз етті. Жаңа жылдық мерекеге байланысты ауданның жалпы білім беру қорынан әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға жаңа жылдық сыйлықтар берілді. Наурыз айында ауылымызда орналасқан «Plast invest ltd» заводының қаржыландыруымен мектепке музыкалық аппаратураның пульті және музыкалық буфер алып берілді.

Сөз мектеп директрының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Қ.Оспановаға берілді:
- Құрметті қамқоршылық кеңесінің мүшелері 2017-2018 оқу жылында ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру бағытта ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін білімдер жүйесін меңгеруіне,балаларды әлеуметтік ортаға мінез-құлқын жақсы білуіне сай,оларға ағартушылық қызмет көрсету,олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктер болмауына сенімдерін орнықтыруды жолға қою үшін,қамқоршылық кеңесінің отырыстарында қаралып,іс-шаралар ұйымдастырылды. «Сіз қандайата-анасыз?» атты ата-аналар арасында сауалнамалар жүргізілді,берілген жауаптарға сәйкес сараптама жасалып,ата-аналардың балаларына деген көзқарасы анықталды. Желтоқсан айында «Ұяда не көрсең ,ұшқанда соны ілесің» атты ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста «Мұғалімдер ата-аналар бірлесіп жұмыс істесе,болашақта оқушылардан білікті,тәртіпті,мәдениетті азамат шығатынына сенімдіміз» деп ата-аналар өз пікірлерін айтты. Жалпы қамқоршылықтың кеңестің жұмысы «жақсы» деп бағаланады.
Сөз қамқоршылық кеңестің төрайымы Байсеитова Назгул Назанкуловнаға беріледі.
- Құрметті кеңеске қатысушылар 2017-2018 оқу жылында біздің қамқоршылық кеңес жұмысы біршама жүргізілді. Оған мектеп қамқоршылық кеңесінің төрайымы А.Мингированың сөзі дәлел. Болашақта осы қарқынмен жұмыс істеп,сіздердің оқушыларыңыз және біздің балаларымыздың мейірімділікке,ізеттілікке,қайырымдылыққа деген қызығушылығын арттыра берейік.

Шешімі: 1.2017-2018 оқу жылында құрылған қамқоршылық кеңесінің 1 жұмысы көңіл толтырарлық деп бағалансын.

.
2. Қамқоршылық кеңестің жұмысын қадағалау кеңес төрайымы А.Мингироваға жүктелсін.

Ұсыныс: 2018-2019 жаңа оқу жылында қамқоршылық кеңестің жұмысы ары қарай жандандырысын.


Кеңес төрайымы А.У.Мингирова
Хатшысы Ә.Қ.Абдрахманова














Похожие публикации:

08 апрель 2017 мектеп ұжымы
08 апрель 2017 Мектеп тарихы