Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс » Үңгіртас орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үңгіртас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс
28
февраль
2023

Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс

20.02.2023 жылы Үңгіртас ауылы, Үңгіртас орта мектебінде білім беру ұйымдарында Жамбыл АПБ-нің ЖПҚБ-нің бастығы полиция капитаны Д.Қожахметовтың 01.02.2023 жылғы №1-30-208/323-и хатына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, әкімшілік құқықбұзушылық, интернет қауіпсіздігі бағытында ақпараттық – танымдық біліммен қамтамасыз ету шараларының аясында құқық қорғау органы қызметкерлерімен кездесу өткізілді.Кездесу барысында қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы мәселелерге кеңінен тоқталып, заң талаптары баяндалып, қазіргі таңда орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекеттердің алдын-алу жолдарын таныстырып, құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және жазалар жайлы мағұлмат берілді.
Сондай-ақ, жастар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу», білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, ішкі тәртіпке бой ұсыну, темекі, ішімдік сияқты заттардан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты жаман әдеттердің алдын алу тақырыбында оқушылармен еркін әңгіме жүргізілді.
Кездесуге, Жамбыл АПБнің ювеналды полиция тобының инсекторлары полиция капитаны М.Досымханов, полиция капитаны Ф.Набиев, полиция аға лейтенанты Т.Филев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Ізімхан, педагог-психолог Л.Муканова, әлеуметтік педагог Н. Жолдыбаева, сынып жетекшілер және ата-аналар мен жоғары сынып оқушылары қатысты.