1-сыныпқа оқушы қабылдау бойынша » Үңгіртас орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үңгіртас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-сыныпқа оқушы қабылдау бойынша
07
июль
2022

1-сыныпқа оқушы қабылдау бойынша

Құрметті ата-аналар балаларыңызды мектепке беру туралы ой қыркүйек жақындағанда келсе кешігесіз. 1 сыныпқа оқушы қабылдау еліміз бойынша барлық мектепте 31 шілде күні аяқталады.

📌 АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! 


 📌Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!

1 сәуірден бастап балаларды 1 сыныпқа қабылдау жүргізіліп жатқаны белгілі.

Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдаудың аяқталуына да санаулы күндер қалды.

Яғни, 31 шілде құжат тапсырудың соңғы күні.

Сол себепті де, асығуларыңызды сұраймыз.

🔺1 сыныпқа құжаттарды электронды түрде, eGOV.kz порталы арқылы тапсыруға болады.

🔺1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады.

🔺Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.

🔺Қандай құжаттар қажет?

• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)