Демалыста кітап оқы » Үңгіртас орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үңгіртас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Демалыста кітап оқы
10
ноябрь
2022

Демалыста кітап оқы

«Оқуға құштар мектеп» Оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, балалардың кітапқа деген ынтасын ояту, классик және балалар жазушыларының шығармаларын көпшілікке насихаттау мақсатында және оқушылардың жазғы демалысын сапалы және қауіпсіз өткізу үшін кітап оқуға ынталандырып онлайн іс-шаралар өткізілді. 1-10 қараша аралығында «Каникулда кітап оқимыз» марафонына оқушылардың қатысуы ұйымдастырылды. Бұл марафонға мектеп оқушылары белсене қатысты. Атқарылған іс-шаралардың ішінен ерекше назарда болған – балалардың кітап оқуы. Балаларды кітап оқуға тартуға барынша жағдай жасалуда. Қорыта айтқанда, қазіргі кезде қоғамымыздың дамуына қарай ақпаратты жан-жақты алу, аудио, видео, интернет жүйесі арқылы мүмкіндік туғанымен әжелердің ертегілерін тыңдап, әдеби кітаптарды оқи отырып, алған білімнің ерекше екеніне ешкімнің дауы болмайтынын білеміз. «Кітап – адамның өмірлік серігі» деген қағиданы үнемі жадымызда сақтасақ, болашақ ұрпағымыз биіктерден көрініп, еліміздің дами беретініне сенім мол.