Мектепке жол-2022 » Үңгіртас орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үңгіртас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепке жол-2022
25
октябрь
2022

Мектепке жол-2022

Жыл сайын еліміздің барлық аймақтарында 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.Бұл акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық және басқа да көмек көрсету және балалардың мектепке бармауының алдын алу себептері.
Акция аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
Мектеп директоры Ч. С . Аденова Жалпыға бірдей білім беру айлығын өткізу туралы мектепішілік бұйрық шығарылды.
Көмекке мұқтаж отбасылар туралы мәліметтер базасы жасақталды.
Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға балаларды мектепке дайындауда материалдық көмек көрсету, мұқтаж балаларға нақты атаулы көмек көрсету мәселелеріне қоғам мен халықтың назарын аудару мақсатында ұйымдастырылды.
Ұзақ жылдар бойы мектебімізде гуманитарлық көмек көрсету пункті жұмыс істейді, онда мектеп мұғалімдері мен ата-аналар қауымы мұқтаж оқушыларға кейіннен тапсыру үшін киім-кешек, аяқ киім, кеңсе тауарларын әкеледі.
Жалпы айлық барысында 28 балаға көмек көрсетілді.
Қорытынды: «Мектепке жол» акциясы жалпы білім беруге арналған нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.