Адал ұрпақ клубының жұмысы » Үңгіртас орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үңгіртас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Адал ұрпақ клубының жұмысы
28
февраль
2023

Адал ұрпақ клубының жұмысы


Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас орта мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасыты қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер клубында іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жасалды. Клуб мүшелері 9-сынып оқушыларынан құралған.
Жыл басында «Адал ұрпақ» еріктілер клубына арналған жылдық жоспар бекітілді. Жоспар бойынша клуб жетекшісі болып Ізімхан Ж. бекітілді. Жоспарға сай клуб мүшелері тағайындалды. . Клуб жұмысы үш секция бойынша жұмыс жасап жатыр:
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім;
2.Ақпарат және шығармашылық;
3.Мәдени-көпшілік іс-шаралар бағытында жұмыс жасайды. Клуб мүшелері жоспарға сай бекітілген жұмыстарын уақытында орындап отырды.

Қыркүйек айында- «Парасатты азамат» бұрышы мектептің екінші қабатының дәлізіне орналасқан . Бұрыштың мақсаты: жас ұрпақты Отансүйгіштіккке, азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметпен қарауға , адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, еңбекүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға, адалдыққа тәрбиелеу. Жоспарға сай әр үш бағыт бойынша жұмыстар атқарылды.

Қазан айында-«Сүіспеншілік- адамның басты қасиеті, ақиқат оның негізі, дұрыс әрекет- оның шынайы өмірі». Мектепішілік арнайы сынып сағаттары өткізілді. Ар-ұят, абырой, адалдық, әділеттілік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселесі қаралды.

Қараша айында- «Менің құқығым» тақырыбында суреттер байқауы өткізілді. Құқықбұзушылық, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеу, мәдениетті қалыптастырудағы отбасының рөлі туралы мәселелер қозғалды.

Желтоқсан айында- «Қазақстан құқықтық мемлекет» тақырыбында суреттер байқауы болды. Байқауға мектеп оқушылары белсенді ат салысты.
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» деген тақырыпта сынып сағаттары мен ашық сабақтар болып өтті. Акцияның негізгі идеясы , сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымдарын қалыптастыру болды. Клуб мүшелерінің жұмыстары әлі де жалғасын тауып, жұмыс жүргізілуде.


Қаңтар айында бірыңғай «Адалдық сағаты» сабағы өткізілді. Мектебіміздің 9- сынып оқушыларымен жүргізілген дөңгелек үстелге қонақ ретінде мектебіміздің ардагер ұстаздары Жантаева Г., Атчабарова Б. ауылымыздың аналар кеңесінің төрайымы Асылбекова К. өз ойларымен бөлісті, оқушылармен пікір алмасты.
10.02 күндері аралығында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді, оқушылар сурет салып, постер қорғап, адамгершілікке тәрбиелейтін ойындар ойнады.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелеріне ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажеттігі бойынша нақты жұмыстар атқарылды және бұл іс-шаралар ары қарай өз жалғасын табады.
Дайындаған: ДТІЖО Ізімхан Ж.А.