Мектеп парламентінің ережесі » Үңгіртас орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үңгіртас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп парламентінің ережесі
04
сентябрь
2022

Мектеп парламентінің ережесі

Мектеп парламентінің ережесі

1.Жалпы ережелері.

Мектеп парламенті бұл-оқушылардыңөз еріктерімен біріккен ұйымы, мектеп өміріндегі мәдени іс-шаралар мен ағымдағы болып жатқан істерді шешуге белсенді түрде атсалысып, мектепті жарқыратып көрсетеді.э

Мектеп парламенті бұл – белсенді оқушылар, мектеп өміріне жәйан-жәй қарамайтын, өзін-өзі басқару ұйымы арқылы жұмыстарды іске асыратын, өздерінің комуникативті жіне ұйымдастыру шеберліктерін шыңдайды.

Мектеп парламенті бұл – белсенді оқушылар, олар мектеп өміріндегі мәселелер мен ағымындағы істерге бей-жәй қарамайды. Бұндай істерге шығармашыл көзбен қарайды. Мектептің алдына қойған мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға белсене араласады.

Парламент шығармашылығы өзінің бекітілген ережесі негізінде мектеп әкішілігі мен тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.


2. Парламент міндеттері.

Мектеп парламенті оқушылардың өкілетті ұйымы болып саналады. Сонымен қатар алдына мына бағыттағы міндеттерді қояды:

-Мектеп ортасында өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту;

-Азаматтық айқын көзқарас танытуға, адамгершілік қасиеті жоғары ұстауға, оқушылардың рухани мәдениетін көтеруге тәрбиелеу;

-Білім алу кезінде мектеп парламенті оқушылардың қызығушылығын арттыруды жүзеге асырады.


3. Жұмыстың түрі мен мазмұны.

- мектеп тәрбие жоспарына оқушылардың қызығушылығымен өзгерістер енгізу;

- мектепте кездесетін талас тудыратын сауалдарға мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып дұрыс шешім қабылдауға атсалысу;

- байқаулар, викториналық ойындар, көрмелер, спорттық жарыстар, ұжымдық шығармашыл істер ұйымдастыру.

- мектеп басқару ұйымы жұмысына қатысу.

4. Парламент мүшелері.

Парламентке 8-11 сынып арасындағы белсенділер мүше бола алады. Сонымен қатар сынып ұжымы ұсынған беделді оқушы жіне өз еркімен парламент жұмысына қызығушлық танытқан оқушы Парламент жиналысында қабылданады.

Парламент мүшелері ұжымдық түрде жұмыс атқарады. Ұжымдық топ парламенттің шығармашылық тобы деп аталады. Олар парламентте ұжымдық шығармашылық істерді жүргізеді.

Парламентте жұмыс жүргізіп мектеп бітіріп кеткен мүшелері құрметті мүше деп аталады. Оларға мектеп парламентінің жұмысына қосқан үлестері мен даумына атсалысқандары үшін оларға ерекше құрметпен қарайды.



5. Мектеп парламентінің құрылы мен ұйымдастыруы.

Мектеп парламентінің жоғары ұйымы болып ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады. Жалпы жиналыс жылына екі рет қыркүйек жіне мамыр айында өткізіледі. Қыркүйек айының екінші жартысында Парламент Кеңесін, Парламент Президентін басқарып жүргізеді. Президент болмаған жағдайда бұл жұмысты Спикер басқарады. Ол Парламент Кеңесінің ұжымдық интелектуалдық және шығармашылық істерін ұйымдастырады.


Мектеп парламенті негізгі жеті Парламент Кеңесінен тұрады.

1.Ақиқат кеңесі.

- Мектеп оқушылар арасында болған, талас тудыратын сауалдарға және кеңес мүшелері арасындағы дауды шешуге көмектеседі.

-Парламенттегі талас тудыратын сауалдарға нақты дәл шешім табады.

2.Оқу кеңесі.

-Мектепте сабақ үлгерімі төмен оқушыларды басшылыққа алып оларға кеңестер беріп, үлгерімі жақсы, алғыр оқушылардың оларға қосымша сабақ беруін қадағалайды.

-Мектептегі тоқсандық қортынды шығаратын жиындарға қатысады;

-Мектеп оқушыларының үлгерімі жөніндегі әкішіліктің жиындарына қатыса отырып, өз пікірін білдіруге құқылы;

-Оқушылар арасында әлеуметтік мәселелерді қолдауға атсалысады.

3. Ақпарат кеңесі

- Мектептегі анықтама қызметінің жұмысын және мектептің оперативті ақпарын даярлайды;

- Мектеп парламентінің Интернетте сайтын құруға, қалалық «Радио баршаға» хабарына шығуға, ұйым шығармашылығы жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдары беттеріне жарық көрсетуіне;

- «Мектеп жаңалықтары» мектеп газетіне ұйым жаңалықтарын, қызметтін, іс-шарасын насихаттайды

4. Эрудиттер кеңесі

- мектепте пән апталықтарының өтуіне;

- интеллектуалы іс-шараларды оқу жылы басында мектеп жұмыс жоспарына енгізуге;

- интеллектуалды ойындар, олимпидалар байқаулар, жарыстар өткізуге көмек көрсетеді.

5. Еңбек Кеңесі

- оқушылардың тәртібі мен мектептегі жүрісін қадағалау;

- мектептегі қабырға сендтерін безендіруге;

- мектептегі оқушылар кезекшілігін үнемі қадағалау, кезекші постарын тексеру жұмыстары жүктелінеді.

6. Эстетикалық Кеңес

- Мектептегі ұжымдық шығармашылық істердің нәтижелі жүргізілуіне көмек көрсету;

- Жаңа оқу жылына ұжымдық шығармашылық істерді жоспарлау;

- Оқушылардың эстетикалық тәрбие үлгілерін сақтауына ықпал етеді.

7. Денсаулық және салауатты өмір Кеңесі

- спорттық іс-шаралардың жүргізілуін;

- оқушылардың салауатты өмір ұстанымын жақтау негізінде акциялар, дөңгелек үтелдер, ток-шоулар ұйымдастыруын басқарады.

Похожие публикации:

03 сентябрь 2022 Білім күні
08 апрель 2017 мектеп ұжымы