Жасөспірімдердің ғаламторға тәуелділігінің алдын-алу » Үңгіртас орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үңгіртас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасөспірімдердің ғаламторға тәуелділігінің алдын-алу
22
ноябрь
2022

Жасөспірімдердің ғаламторға тәуелділігінің алдын-алу

Қазіргі таңда заманауи адамның өмірін компьютер және смартфонсыз елестету мүмкін емес. Бұл техникалық құралдар әрбір үйде бар және ол ауқымды ғаламтор желісіне қосылған.

Балалар кішкентай күнінен компьютер мен смартфонды қолдану арқылы оның жетік меңгеретін пайдаланушысына айналады. Бастапқы кезде көптеген балалар компьютер мен смартфондарды компьютерлік және мобильді ойындарды ойнау үшін пайдаланады. Уақыт өте келе ол ойындар баланың өмірінің маңызды бөлігіне айналғандығы сонша ол баланың тәрбиесіне, өзгелермен қарым-қатынасына да әсер етуі мүмкін. Ғаламтор жүйесінің дамығандығынан кейбір жасөспірімдер «виртуальды кеңістікпен» әуестенгендігі соншалықты өзінің тәулігіне 18 сағатын компьютер алдында өткізеді. Мұндай жағдайда интернеттен бірден бас тару оларды эмоциональды мазасыздыққа алып келеді. Ғаламтор + ойынқұмарлық = тәуелділік

Бала көп уақытын компьютер және смартфон алдында өткізсе не істеу керек?

1. Есте сақтаңыз, емдеуге қарағанда ескерту жасау әлдеқайда оңай! Сондықтан мұқият болыңыз, интернетке тәуелділікті дер кезінде аңғаруға және алдын-алуға тырысыңыз.

2.Баламен үлкен адамдарша сойлесуге тырысыңыз, қандай да бір ойыңызды айтар алдын, тыйым жасар алдын баланың ол тақырып бойынша қандай ойы бар екенін мұқият тыңдап алыңыз. Тыйым салған нәрсе балаға қашанда қызық болып, оның қызығушылығын оятады. Рұқсат бермеген жағдайда баланың сізге қарсы шығуына алып келуі мүмкін.

3.Баланың қызығушылығын оның білім алуы мен дамуына пайдаланыңыз (компьютерлік сызбалар және программа жасау курстары).

4. Сіздің балаңыздың қызығушылықтары қаншалықты кең ауқымды және әр түрлі болған сайын оның интернетке тәуелді болуының мүмкіндігі азая түседі. Баланың қызығушылықтарының сіздің қызығушылығыңызбен сәйкес келуі міндетті емес. Оның өзінің жеке әлемі мен қызығушылықтарының болуына мүмкіндік беріңіз. Баланың кез-келген шығармашылық бастамаларына қолдау жасай біліңіз (спорт, музыка, би және т.б.)

5. Баламен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз. Отбасында сенім мен түсіністіктің болмауы – баланың виртуальды әлемге еніп кетуіне себеп болады. Демалыс күндері балаңызға көбірек көңіл бөліңіз, саябаққа барыңыз, дәмханада бірге түскі ас ішіңіз және т.б. Отбасылық қандай бір хобби ойлап табыңыз, себебі отбасылық қызықты, әрі тығыз қарым-қатынас кез-келген тәуелділіктің алдын-алу болып табылады.

6. Онлайн режимдегі мәселелерге қарағанда қашанда шынайы өмірдің құндылығын сезініп, оны көре білу мүмкіндігін іздеңіз.