Ерте жүктілің алдын алу тақырыбында қыздар жиналысы » Үңгіртас орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үңгіртас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ерте жүктілің алдын алу тақырыбында қыздар жиналысы
14
ноябрь
2022

Ерте жүктілің алдын алу тақырыбында қыздар жиналысы


«Үңгіртас орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қыздар жиналысы
№2 ХАТТАМА

Үңгіртас ауылы 14.11. 2022ж
Қатысқандар 72 оқушы
5.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ж.А. Ізімхан
6.Педагог-психолог Л.М. Муканова
7.«Инабатты қыздар» ұйымының төрайымы: Ә. Рзахан
8.Дәрігер-генеколог Г. Ералиева
9.Мектеп медбикесі Т. Мелдешова
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. «Жыныстық қатынас-ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында видеоролик
2. «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыпта баяндама «Инабатты қыздар» ұйымының төрайымы: Әзиза Рзахан
3. Баяндама: «Қыздар гигиенасы» дәрігер-гинеколог Ералиева Гульмира
4. Баяндама: «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік» Педагог–психолог: Л. Муканова

ЖИНАЛЫС БАРЫСЫ:

1. «Жыныстық қатынас-ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында видеоролик көрсетіліп оқушыларға күн тәртібінде қаралатын мәселелермен көпшілікті таныстырып түсіндіру жұмыстары жүргізілді .
2.«Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыпта баяндама
Тыңдалды: күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөзге Үңгіртас орта мектебінің қыздар ұйымының төрайымы Ә. Рзахан сөзге шықты. Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілікке кеңінен тоқталды. Қыздың бойжетуі, яғни, жан-жақты жетіліп, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне ие болуы заңды құбылыс. «Қыздың жолы жіңішке», «Қызға қырық үйден тыю» деген сияқты халықтық тәлімгерлік талаптарының мәнін түсініп қана қоймай, бойжеткен одан өзіне қатысты қорытынды шығара білуі, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысын басшылыққа алуы керек.Ұят-әдеп жоралғыларын белден басып, отырғанда, тұрғанда өзінің әйелдік жаратылысын ескемейтін, қызға, келінге жарасатын қымсыну, қызару, тартыну, имену дегендер ойына кіріп-шықпайтын қыз өзіне ғана емес, ата-ана, бауыр-туғандарына сөз келтіріп, жерге қаратады. Сондықтан, қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға мүлдем болмайды. Біздің халық ұрпақ тәрбиесінде екі нәрсені естен шығармаған. Біріншіден, дүниеге келген ұрпақтың жалпы тәрбиесіне баланың ержеткенге дейінгі бағым-күтімі, жүріс-тұрысы бәрі-бәрі енген. Екіншіден, ұл мен қыздың тәрбиесін екі бөліп жүргізуге тырысқан. Мұнда негізінен ұлдың тәрбиесі әкеге, қыздың тәрбиесі шешеге байланысты жүргізілген. Олардың әдепті, тәрбиелі, тындырымды, іс-әрекеті тиянақты болуын қадағалаған. Соған орай ақыл-кеңес беріп отырған.Соңғы кездері қыздарымыздың арасында темекі тартып, нашақорлыққа бой ұрғандары да кездеседі. Келешекте ондай қыздар өмірге қандай ұрпақ әкеліп, қандай тәрбие бермекші? Қыз баланың тым әлем-жәлем киініп, көзге түсуге тырысуы, орынсыз боянып сылануы ерсі болады. Сонымен қатар, өзінің сырт пішініне, киім сәніне нем құрайлы, салғырт қарауы да келіспейді. Бұл оның тәрбиесінің жетімсіздігі, төмендігі. Қазіргі заман ағымына сай қыздар тәрбиесінде төмендегідей басты мәселелерге көңіл бөлінуін баса айтқым келеді:
1.Ата-аналармен тығыз байланыста болу, баласы туралы пікір алмасып әңгіме жүргізіп отырып тәрбиелеу өз нәтижесін бермек. Себебі, қай бала болса да (қыз, ұл) алдымен тәрбиені отбасынан алады, ата-анасына еліктейді, соларды қайталағысы келеді, ал бала жас шыбық тәрізді, қалай баулыса солай қарай бой түзейді. 2.«Қызға қырық үйден тыйым» деп, қыз баланың әлде бір іс-әрекетіне үзілді-кесілді тыйым салу, жылылық танытпай ұрысып, зеку зиян, керісінше баланың жағдайымен санасып сеніміне кіру, сырласып дос бола білу керек. 3.Отбасы дұрыс, мәдениетті қарым қатынаста болуы.
4.Өз ұлтының намысын жоғары қоябілетін, елінің сөзін сөйлейтін жасұрпақты баулып,тәрбиелеу үшін «мұны білуге әлі ерте, оған тыйым салынады» деген тежеулерді алып тастап, баланы бұғаулы ойдан, шектеулі ұғымдардан құтқару қажет, қайта баланы ойын еркін айта білуге жетілдіріп, білігіне жетелеп отыруымыз керек. 5.Жас ұрпақты адамға тән табиғи сезіммен өмірді, табиғатты сүйе білуге құрметтеуге үйрету .
Тыңдалды: күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөзге дәрігер-генеколог Г. Ералиева сөзге шықты. «Қыздар гигиенасы» тақырыбында баяндама оқыды. Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыта аламыз. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіз болмауға тәрбиелеу әрбір ата-ананың міндеті. Қыз бала ағзасының өзіндік ерекшеліктері бар: ер балаға қарағанда ол нәзік келеді, анатомиялық айырмашылықтар арнаулы гигиенаны талап етеді. Қыз балаға туған бойда-ақ ұқыпты қарауға тура келеді. Негізі қыздарда 10-12 жаста алғаш рет етеккірі келеді. Демек, бұл уақыт олардың бойжеткендігінің белгісі. Етеккір келгенде не істеуі керек? Тазалықты сақтаудың алғы шарттарын қызына ең алдымен анасы, жеңгесі айтып түсіндіргені абзал. Ал 13-14 жаста жасөспірім қыздың гинеколог дәрігерге келіп, профилактикалық тексеруден өтуі міндетті. Бұл қабылдауды дәрігер қыздың қасында тек анасы болғанда ғана жүргізе алады. Бұл не үшін керек? Қыз баласының гинекологиялық ауытқуларын ерте жастан анықтап, дәрігерлік кеңес беру үшін қажет. Қыздың бойжетуі, яғни, жан-жақты жетіліп, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне ие болуы заңды құбылыс.Әрбір қыз баласы жеке бас гигиенасын сақтауды ұмытпаған жөн.
Тыңдалды:Педагог-психолог Л.М. Муканова : «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік» тақырыбында баяндама оқып өз баяндамасында Ерте жүетілік кезінде жүрек кан тамыр жүйесіне,эндокриндік жүйеге және баскада жүйелерге қосымша жүктеме түсетіні белгілі.Ал бойжеткен кезінде әлі толық қалыптаспаған ағзаға оданда күшті жүктеме түседі.Жас ана жүктілікті физикалық көтере алмайды. Жас анада қиын таңдайды. Аборт жасау балалы калдырса өзін және нәрестені кауіп катерге тігеді . Толық қалыптаспаған организм жүктілікпен және босануды көтере алмауы мүмкін,сондықтан мерзіміне жетпеген нәресте немесе ақауы бар нәресте туылуы мүмкін.Бүгінгі күннің трагедиясы тәрбиеден басталып жатқан жайы бар .Біз біз көз жұма қарап жүрген бұл өзекті мәселенің мән –жайынан қалың хабардар.Өрімдей жас қыздардың басына түскен қасірет олардың өміріне сызат қалдырады. Ашығын айтар бұл күні жеткіншек қыздардың оң жақта отырып ақ құрсақ көтеруі жиілейді. Бұрындары қысылғанда қуыс таппайтын құбылыс енді бір-екі жыл сөзге ұласады.Жабулы казан жабулы күйінде қалады.Біздің дана халқымыз «Баланы- жастан тәрбиелеу»,-дейді.Себебі,Сәби шағында бала жаңа отырғызылған тал тәрізді,калай карай бұрсаң солай қарай иіліп өседі. Мамандар жас баланың бойында тұқым қуалайтын теріс әдет-ғұрыптар болса оныда осы бастан түзеп ,жас өспірімді тәрбинені дұры арнаға салып жіберу қажет,-дейді Олай болса бала –тәрбиесіне оның сезімімен таным түсінігіне құрметпен қарап жанашыр бола білейік деп өз сөзін аяқтады.

ҚАУЛЫ:
1. Ерте жүктіліктің алдын алу шаралары өз деңгейінде жүргізілсін;
2. Сынып жетекшілер тарапынан қыздар гигиенасы туралы түсіндіру жұмыстары жандандырылсын;
3. Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік бойынша сынып сағаттары үнемі жүргізіліп отырсын;
Жиналыс төрайымы: Ж.А. Ізімхан
Хатшы: А. Тулеубаева