"Жас полиция көмекшілері" отырысы хаттамасы » Үңгіртас орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үңгіртас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жас полиция көмекшілері" отырысы хаттамасы
05
сентябрь
2022

"Жас полиция көмекшілері" отырысы хаттамасы

Үңгіртас орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Жас полицияның көмекшілері» тобының жетекшісін сайлау мақсатында 2022-2023 оқу жылының жалпы оқушылар жиналысының
 хаттамасы
 №1


 Қатысқандар:

М. Досымханов -   Мектеп инспекторы

 Ч.С. Аденова– мектеп директоры
 Ізімхан Ж.А. – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
 Әбдіраманова С.Т. – педогог-ұйымдастырушы
 Джунусов Е.С. - АӘД пәнінің мұғалімі, ұйым жетекшісі
 Сынып жетекшілер мен оқушылар


 Күн тәртібінде:
 1. «Жас полицияның көмекшілері» жасөспірімдер ұйымының басшысын сайлау.
 2. «Жас полицияның көмекшілері» жасөспірімдер ұйымына оқушыларды сайлау.
 Тыңдалды:
 Жалпы мектеп оқушыларының жиналысының күн тәртібімен, педагог-ұйымдастырушы Әбдіраманова С.Т. таныстырып өтті. 

«Жас полицияның көмекшілері» жасөспірімдер ұйымының жұмысы туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ізімхан Жібек Абиырқызы жалпы ережелер мен мақсат-міндеттерімен таныстырды. Ұйым басшысына төмендегідей үміткерлер ұсынылды: Мырзахмет Асылбек -10 «а» сынып оқушысы, Солтан Елдос – 10 «а»сынып оқушысы. Басшыны сайлау үшін әр үміткерге оқушылар ашық түрде дауыс берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша көптеген марапаттаулардың иегері  Мырзахмет Асылбек 10 «а»сынып оқушысы ұйым басшысы болып тағайындалды. Жаңа ұйым басшысы өз сөзінде, оқушыларға сенім білдіріп, жүктелген жұмысқа аса жауапкершілікпен қарап, жұмыс атқаруға уәде етті. 

Қорытынды сөз мектеп директоры Ч.С. Аденоваға берілді. Өз сөзінде мектеп директоры «Жас полицияның көмекшілері» жасөспірімдер ұйымына табыс тілеп, жаңа сайланған жетекшіге жүктелген мақсат-міндеттерді орындауда шығармашылық пен ізденпаздық керек екенін атап айтты.
 «Жас полицияның көмекшілері» жасөспірімдер ұйымына мына төмендегі оқушылар жазбаша өтініш білдіру арқылы ұйым басшысының отрядына төмендегідей оқушылар сайланды:

Мырзахмет Асылбек -10 «а»
 Солтан Елдос -10 «а»
 Нури Шұғыла -10 «а»
 Рысбек Адельмира -10 «ә»
 Жолдасхан Ғани -10 «ә»
 Ғарыпжан Жігер -10 «ә»
 Сабыралы Жігер -9 «а»
 Мұхитқызы Айсара -9 «ә»
 Оспан Рауан -9 «ә»
 Отан Ерсұлтан-9 «а»
 Шешім:
 Жоғарыда аталған оқушылар ұйым мүшесі болып тағайындалсын, алдағы уақытта қарқынды жұмыс жүргізілуін қолға алынсын. Барлық ұйым мүшелері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыс жүргізетіндіктерін және жұмыла көтерген жүк жеңіл деп жиналысты қорытындылады.
 
 Хатшы: Мешелова Ж.