Қыздар жиналысының хаттамасы » Үңгіртас орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үңгіртас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қыздар жиналысының хаттамасы
09
сентябрь
2022

Қыздар жиналысының хаттамасы

«Үңгіртас орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қыздар жиналысы
№1 ХАТТАМА

Үңгіртас ауылы 09.09.2022ж
Қатысқандар 68 оқушы
1.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ж.А. Ізімхан
2.Педагог-психолог Л.М. Муканова
3.«Инабатты қыздар» ұйымының төрайымы: Ә. Рзахан
4.Мектеп медбикесі Т. Мелдешова
Күн тәртібі
1.Ағымдағы мәселелер Ә. Рзахан
2.Тазалық денсаулық кепілі. Мектеп медбикесі Т. Мелдешова

Тыңдалды Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қыздар
кеңесінің төрайымы Ә. Рзахан сөз алды.Мактептің ішкі ережесіне бағынуды және формаға және тазалыққа мән беруді айтып өтті.
Тыңдалды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе мектеп медбикесі Т. Мелдешова «Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында баяндама оқыды. Медбике өз сөзінде адамның денсаулығы- қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарыын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күиі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.Халқымыздың «Дені саудың - жаны сау» деп орынды айтқан.Отанымыздың келешегі, көркеюі- салауатты өмір салтын сақтап қолдану. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады.Көп қызыл гулдің ішінде бір ақ гул көрсең, көзің соған түседі.Біздіңде өмірімізде жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық- денсаулық. Денсаулық- бұл адамның еңбекке белсенді болу, әрі ұзақ өмір сүруі,тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Жеке бас тазалығының ережелері: Күнделікті бір уақытта тұр,бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса. Ертең ерте тісіңді тазалап, беті қолыңды, мойныңмен құлағыңды жу.Ұйықтар алдыда жуынып, бөлмені желдетіп алуды ұмытпа. «Денсаулық-баға жетпес байлық» -бұл жалғыз асыл дұние.Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш жігерді, не еңбекті,тіптен барлық дүнені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.«Денсаулық –зор байлық» дейді қазақ. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын алу мен оларды емдеу бағыттарын Қыздарға түсіндіріп өтті. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп өз сөзін аяқтады.
ҚАУЛЫ:
1.Қыздарға аптасына жеке басының гигиенасын бір рет текскрілсін.
2.Мектеп ішкі тәртіп ережесін қатаң сақтасын.
3.Оқушы қыздардың жетекшілер тарапынан қыздар гигиенасы туралы түсінліру жұмыстарын жандандырылсын.
4.Қыздарға жақсы мен жаман мінездерді ажырата білуді меңгертуді қолға алынсын.

Жиналыс төрайымы: Ж.А. Ізімхан
Хатшы: А. Тулеубаева