"Жас полиция көмекшілері" отырысы хаттамасы » Үңгіртас орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үңгіртас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жас полиция көмекшілері" отырысы хаттамасы
09
ноябрь
2022

"Жас полиция көмекшілері" отырысы хаттамасы

Үңгіртас орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Жас полицияның көмекшілері» тобының жетекшісін сайлау мақсатында 2022-2023 оқу жылының жалпы оқушылар жиналысының
 хаттамасы
 №2


 Қатысқандар:

Ч.С. Аденова– мектеп директоры
 Ізімхан Ж.А. – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
 Әбдіраманова С.Т. – педогог-ұйымдастырушы
 Джунусов Е.С. - АӘД пәнінің мұғалімі, ұйым жетекшісі
 Сынып жетекшілер мен оқушылар


Күн тәртібінде:
 1. Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуы.
 2. Сабақтан кешіккен оқушылармен жұмыстың жүргізілуі
 3. Ұйым басшысының І тоқсанда жүргізілген жұмыс бойынша кварталдық кеңестің хабарламасымен таныстырып есеп беруі.
 
 

Жиналыс барысында ұйым жетекшісі  Мырзахмет Асылбек «бүгінгі күнгі жас азаматтары еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбек құмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар жастар. Сондықтан біз патриоттық тәрбие жүйесіндегі негізгі бағыттарының бірі Азаматтық-патриоттық бағытын негізге ала отырып Үңгіртас орта мектебінің «Жас полиция көмекшілері» тобына 9-10 сынып оқушылары арасынан ерікті жасөспірімдер салтанатты түрде қабылданды.
 Мақсаты:
 - Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қараусыздықтың алдын алу;
 - Сабақтан тыс уақытта балалар мен жасөспірімдердің демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру;
 - Заңға мойынсұнушылық пен салауатты өмір салтын насихаттау;
 - Ішкі істер органдарында қызмет етуге кәсіби бағдар беру, дайындау;
 - Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизмді, ұлттық сананы қалыптастыру;
 - Түрлі жастағы баларды бірге және ашық түрде іс-әрекет жасауға үйрету.
 Міндеттері:
 - Балалар арасындағы нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алуда көмек көрсету;
 - Басқа да қоғамдық ұйымдармен ықпалдасу, мектептерде қолданыстағы заңнамалармен нормативтік актілерді насихаттауда еріктілер жұмысын ұйымдастыру;
 - Ішкі істер органдарының техникалық құралдарымен танысу, олардың біліктілігі мен шеберлігін меңгеру.» деп өз баяндамасын оқи отырып, өз сөзін жалғыстырды.
 
 

Екінші мәселе бойынша педагог – ұйымдастырушы Әбдіраманова С.Т. сөз алып оқушылардың сабаққа қатысуын қатаң түрде қадағалау қажет екендігін айтты, сонымен қатар мектеп оқушыларының сабақтан кешікпей белгіленген уақытта келулерін қадағалау, кешіккен оқушылармен жұмыс жүргізу қажет екенін атап өтті.
 
 

Үшінші мәселе бойынша ұйым басшысы Мырзахмет Асылбек өз сөзінде , І тоқсан бойынша «Жас полицейдің көмекшілері» ұйымының атқарған іс - шарларға тоқталды. Атап айтқанда: 13 қыркүйекте «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда» атты достық фестиваль өтті. Фестивальге 1-11 сынып оқушылары атсалысты. Қыркүйектің 30 «Ғалымда, шахтерде бас иетін, Ұстазым бар сенің қасиетің!» атты ұстаздар мерекесіне арналған Жас Ұлан ұйым мүшелері мектеп мұғалімдеріне іс- шара ұйымдастырылып және «Қарттарымыз қазынамыз» атты тақырыпта қарттар күніне арналған мерекелік шарада ұйымдастырылды. Мектепте 17-19қазан күні «Алтын күз-2022» атты күз мезгілінің қыр – сырын бейнелейтін мерекелік іс- шара ұйымдастырылды. «Сенім жәшігі» хаттарды оқу және талқылау жұмыстары барысында жас өспірімдер арасында ешқандай келеңсіз жағдайлардың орын алмағандығы анықталды. Оқушылар арасында бірлік пен татулыққың ұштасқаны айқын көрініс көрсетуде. Оған дәлел осы тоқсан бойынша оқушылардың шығармашылық жұмыстарға бірлесе жұмыс жасауы.» деп өз сөзін аяқтады.
 Мырзахмет Асылбек жоғарыда айтып өткен мәселелерді нақты қолға алып қадағалауын тікелей өз жауапкершілігіне алатынын айтты.
 Шешім: жоғарыда айтылған мәселелердің барлығы қаралып, алдағы уақытта қарқынды жұмыс жүргізілуін қолға алатын болып шешім қабылданды. Барлық ұйым мүшелерінің белсенділері бир жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыс жүргізетіндіктерін және жұмыла көтерген жүк жеңіл деп жиналысты қорытындылады.
 
 
Педагог ұйымдастырушы:                      Әбдіраманова С.Т.
 Хатшы:                                                     
Мешелова Ж.